«Алтын қордың» 70 пайыз түлегі жұмыспен қамтылған

"Алтын қор" кадрлық резервіне тіркелемін деуші студент ең алдымен, озат, жан-жақты және қоғамдық жұмыстарға етене араласатын белсенді азамат болуы тиіс
«Алтын қор» кадрлық резервіне тіркелемін деуші студент ең алдымен, озат, жан-жақты және қоғамдық жұмыстарға етене араласатын белсенді азамат болуы тиіс

«Алтын қордағы» кадрлар қайда? Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында облысымызда 2003 жылы мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын «Алтын қор» кадрлар резервінің жұмысы қолға алынған болатын. 9 жылдың ішінде сол қордың жұмысы қаншалықты алға жылжыды? Қазіргі жағдай қалай? Осы мәселенің басы-қасында жүрген Облыстық жастар орталығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Дамир Жүнісовпен аз-кем әңгіме өрбіттік.

«Менде осы қордың түлегімін», – деп бастады Дамир әлқисса сөздің басын. Мемлекеттік қызметкер бастапқыда Астана мен Шымкенте пилоттық жоба ретінде құрылған қор осы күнге дейін 238 азаматты оқытып шығарғанын айтады. Соның 70 пайызы бұл күндері түрлі қызметтің тұтқасын ұстап, халыққа қызмет етіп жүр екен. Ал биылдың өзінде ең белсенді, әрі озат делінген 35 студент «Алтын қордың» сертификатына ие болған. Арнайы семинарда болашақ мемлекеттік қызметкерлер «ҚР Президенті туралы» Конституциялық заңы, ҚР Конституциясы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы, ҚР «Әкімшілік рәсімдері туралы» заңы, ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңын меңгеріп, тіпті, шенеуніктің кез келген жағдайда өзін қалай ұстауы, киім кию үлгісіне дейін үйреніпті.

Болашақта мемлекеттік қызметте еңбек етуді қалайтындардың бірі – Сабира Байзақова. Болашақ мал дәрігері «Алтын қор» резервіне осыдан 3 жыл бұрын тіркелген. Ветеринария саласы бойынша жетістікке жетіп, мемлекетке қызмет етсе, Сабираның басты мақсатының орындалғаны сол.

Сабира БАЙЗАҚОВА, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің студенті: «Өзімнің мамандығым ауыл шаруашылығына байланысты. Бізде шаруашылықтарға байланысты ауыл шаруашылық министрліктері бар, Ауыл жастар Одағы дейтін арнайы аграрлық сектордағы мамандықтар бар. Менің сол мамандықтарға қызығушылығым өте зор. Бірден министрлікке өтем деген ниетпен сол осы қордың мүшесі атанудамын. Бұйыртса, бұл мақсатымның орындаларына сенемін».

«Алтын қор» кадрлық резервіндегі басты проблема деп Дамир Жүнісов Жастар орталығы ұсынған мамандардың кей жағдайларда түрлі себептерге байланысты жұмысқа қабылданбай немесе шығып кетіп жататынын айтады. Яғни, орын алып жатқан көптеген үрдістер ашып жүрмейді деп санайды ол. Сол себепті, арнайы база қалыптастырылып, ұсынылған маманға онлайн режимде тест тапсыртып, оның нәтижесін барша білуі керек екенін түсіндіргісі келеді. Онлайн режим – бұл кез келген адамның өзін байқап көруіне мүмкіндік берсе, екінші жағынан сыбайлас жемқорлықты болдырмауға сеп болатын көрінеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gZuvxLBy55g[/youtube]