20 елдің арасынан Равиль Ибрагимов қарағандылық спортшымен бас жүлдеге ие болды. Батутта секіру бойынша өткен жарысқа оңтүстіктен 4 спортшы жол тартқан болатын. Ал Равиль үшін бұл жеңіс байрақты турнирдегі алғашқы ауқымды жетістігі.
Сондай-ақ Болгарияда өткен жарыста Пермамад Алиев жекелей сынақта күмістен алқа тақса, жұптық сынақта үшінші орынға ие болды. Бұл жолы ол Александр Шинкаревпен бірге өнер көрсеткен болатын. Естереңізде болса, бұл екі жерлесіміз де Әлем чемпионатында үздік танылды.
Пермамед Алиев: «Күнделікті жаттығулардың ароқасында жеңіске жеттік. Алдағы уақытта отандастарым қол жеткізе алмай жүрген белесті бағындырсам деймін. Ендігі мақсат Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп ал».
Алда әлі бір қатар жарыстар бар. Қараша айында жастар арасында Қазақстан біріншілігі өтеді. Содан кейін Әлем чемпионатында кезекті рет топ жару үшін жерлестеріміз күнделікті жаттығуларын жалғастыруда.
Александр Ромахов жылдар бойы гимнастиканың осы бір түрінен шебер атану үшін тер төгіп келеді. Бұл күндері де ол жаттығуын жалғастыруда. Жуырда ғана жерлесіміз Софи каубогін сарапқа салған жарыстан оралған болатын. Болгарияда ол күміс медальға қол жеткізді.
Бир минуттың ішінде 10 әдісті дұрыс орындай білген спортшы ғана гимнастиканың бұл түрінен чемпион атана алады. Болгарияда шымкенттік спортшы қажетті ұпайға қол жеткізіп, бапкер үмітін де ақтай білді.
Бұл жолғы халықаралық жарыста Александр алаң қожайынына ғана есесін жіберіп алды. Ендігі кезек Әлемдік аренада топ жару.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VdBjOXMJRXk[/youtube]