"Достық" шағынауданында соттың шешімін орындаудан бас тартып жүрген тағы бір отбасы болса, 15 жанұяның ісін сот қарауда

 

Үйінің төрінде жатып алып, балағат сөздерді жаудырған бұл азамат — Әмір Тілеукеев

«Достық» шағынауданындағы дау тыйылар емес. Әлеуметтік тұрмыстары төмен отбасыларына арналып, бюджет қаржысына салынған 284 пәтер талайлардың тартысы болып келеді. Мамандардың мәлімдеуінше, «Достықтағы» 48 пәтерде отырғандардың әрекеті заңсыз. Міне, сол үйлерді босату оңай шаруа болмай тұр. Соттың шешімін орындау үшін кезекті рет шыққан тәртіп сақшылары қатты қарсылыққа тап болды.

Үйінің төрінде жатып алып, балағат сөздерді жаудырған азамат — Әмір Тілеукеев. 2011 жылдың сәуір айындағы соттың шешіміне сәйкес, ол баспананы босатуы тиіс болатын. Содан бері сот орындаушылары осында бірнеше рет келіп, шешімді орындата алмай жүр. Себебі әр кез Әмір Тілеукеевтің көрсететін қылығы осы.

Тәртіп сақшыларының шұғыл қимылдап, өзіне қол жұмсағалы тұрған азаматтың қолындағы пышағын алып қойды. Алайда қайтсем де баспананы босатпаймын деген ол үстіне ыстық су құйып, бұған қоса сот орындаушыларын балағаттап, қол жұмсады.

 

«Достық» шағынауданында соттың шешімін орындаудан бас тартып жүрген тағы бір отбасы болса, 15 жанұяның ісін сот қарауда

Осыншама қиғылық салған азамат 2006 жылы «Достық» шағынауданында коттедж салынғанда қарауыл болып істеген екен. Сол жұмысын және мүгедектігін айтып, екі қызына пәтер алған. Ал мына баспананы заңсыз иеленген дейді тиісті мамандар. Бір қызы өз пәтерінде тұрғанымен, екіншісі бюджет қаражатына салынған пәтерді жалға беріпті. Әкелерінің қылығы мынау.

Заңға бағынудан бас тартып, өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың денінің саулығына күмән келтірген тәртіп сақшылары жүйке аурулары диспансерінің дәрігерлерін шақырғаннан кейін ғана ол сабасына түсіп, бір жетіде заңсыз отырған баспананы босатуға тіл хат берді. «Достық» шағынауданында соттың шешімін орындаудан бас тартып жүрген тағы бір отбасы болса, 15 жанұяның ісін сот қарауда.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EoTMAteO198[/youtube]