Шымкенттегі әуежайда Халиф бен Заид Аль Нахаян мен Кәрім Мәсімов кездесті. Араб әмірлігінің шейхы Президент әкімшілігінің жетекшісімен екі елдің ынтымақтастық қарым қатынасы мен әріптестік іс-қимылдың дамуы туралы сөз қозғады.
Айта кету керек, Шейх қорының қолдауымен Оңтүстікте заманауи перинаталды орталық бой көтерген болатын.
Бұдан бөлек, «Аль Хилял» банкі қалың жұртқа қызмет етіп келеді. Сонымен қатар қазір өңірімізде ең үлкен мешіттің құрылысы жүргізіліп жатыр.