Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпиондары анықталды

1359
Қазақстан чемпиондары анықталды
Қазақстан чемпиондары анықталды

Осыдан төрт күн алдын Шымкенттің спорт алаңында көркем гимнастикадан қазақстан чемпионатының жалауы көтерілді. Үздік атану үшін 14 облыстан 26 команда жиналды. Олардың арасында Шымкенттіктер де бар.

Спорт шеберіне үміткер Сабина Әшірбаева алтын медальға үміткер. Шымкенттік гимнасшы бұл чемпионатқа бағдарламасын өзгертіп, жаңа тәсілдегі биімен қазылар алқасын таң қалдырмақ.

Қалалық гимнастика мектебінің директоры Әлия Жүсіпова бүгінде ұлттық құраманы да жаттықтыруда. Елдің негізгі командасына іріктеуді осы жастан бастау қажеттігін маман алға тартады.

Әлия Жүсіпова, ҚР гимнастикадан ұлттық команданың бас бапкері: «Біз осы жастан бастап ұлттық командаға шәкірт дайындап жатырмыз. Әзірге ойдағыдай өтіп жатыр».

Оның үстіне бұл чемпионатқа Лондон Олимпиадасында ел намысын қорғаған Анна Алябьева да арнайы шақырылған. Астаналық қонақ бұл күндері демалыста жүргенге ұқсайды.

Бес күнге жалғасқан жарыстың қорытындысы бойынша Шымкенттік гимнасшылар облыс қоржынына 11 медаль салып, командалық есепте үшінші орынға шықты. Ал алматылық спортшылар астаналықтарды артта қалдырып, турнирлік кестенің бірінші сатысына көтерілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=c2WStErTb7Q[/youtube]