2 млн шаршы метр жер залалсыздандырылады

1

Шымкентте 10 елді мекенде Конго-Қырым қызбасын тудыратын кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмысы басталды. 3 күнге созылатын шара барысында 2 млн шаршы метр жерді дәрілеу көзделіп отыр.

Шымкентте жыл басынан бері 1300-ге тарта қауіпті кене жиналған. Оның мыңы зертханалық жағдайда тексеріліпті. Әзірге жәндіктерден Қонго-Қырым қанды қызбасының белгісі анықталмаған. Бірақ оған қарамастан мамандар қаланың шеткі аймақтарына дәрі шашып, залалсыздандыру жұмысын қолға алып жатыр.

«Ашық аймаққа фипронил дәрісі қолданылады. Бұталы аймаққа басқа препараттар қолданылады. Дәрілердің адамға зияны жоқ. Ол тек кенеге, жәндіктерге арналған препарат болып саналады», – дейді Бану Үсіпбаева дезинфекциялық орталық биологы.

Қазір қалада 10 елді мекен айналасына дәрі шашу жұмысы қарқын алды. Мамандар 3 күн ішінде 2 млн шаршы метр алқапты залалсыздандыратынын айтады. Оның ішінде ашық және бұталы-өскінді аймақтарда бар. Эпидемиологтар бұл қауіпті аурудың алдын алуда маңызды шара дейді.

«Атқарып жақан іс қарамыз конго қырым қанды қызбасына қарсы. Яғни эксот кенесіне қарсы жұмыстарды бастаймыз. Былтыр осы ауру бойынша 5 күдікті жағдай тіркеліп, оның біреуінен анықталған еді. Ол бірақ Шымкент қаласының емес, Түркістан облысының тұрғыны. Биыл әлі расталған жағдай тіркелмеді», – дейді Шымкент қаласы СЭБД аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Азамат Тасболтаев.

Сонымен қатар былтыр қала аумағынан жалпы 8 мыңнан аса кене жиналған. Оларды тексеру кезінде 24-інен қауіпті ауру белгісі анықталып, уақытында зарарсыздандырылды.