Нұржамал Жұмансейтова, Байдібек ауданының психологы
Ең үздік психологты анықтау оңайға түспеді

Бүгін бүкілдүниежүзілік жүйке саулығы күні. Бүгінгі таңда әлемде халықтың 25 пайызы түрлі жүйке ауруларымен ауырады екен. Ал Қазақстанда әрбір төртінші адам психиатр маманның көмегін қажет етеді. Халықаралық психикалық денсаулық күніне орай облыстық білім басқармасы «Ең үздік жыл психологы» байқауын ұйымдастырды.

Облыста алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға Бәйдібек ауданынан ат артып келген Нұржамал Жұмансейтова біздің қоғамға психологтар көптеп қажет дейді. Әсіресе, бала тәрбиесіне келгенде ата-ананың дәл осы маманның көмегіне жүгіну керектегін алға тартады. Алайда, ата-ана түгілі, психолгтарға мектеп әрең мойынсұнғанын мойындайды.

Нұржамал Жұмансейтова,Бәйдібек ауданынан келген үміткер: «Ия,

мойындаймыз, осыдан 5-6 жыл бұрын мектептегі психологтардың абыройы болмайтын. Керек десеңіз, жеке кабинетіміз де жоқ еді. Енді заманның талабына сай психологтарға сұраныс артып отыр. Соның дәлелі ретінде осы байқауды айтар едім. Өйткені мектепте болсын, ауданда болсын, психологтардың жарысы ұйымдастырылған емес «.

Психологтардың жауапкершілігін арттыру, оларға қолдау көрсету мақсатында өткізілген сайыста облысымызға қарасты аудан-қалалардан келген 15 маман бақ сынасуда. Байқаудың 4 шарты бойынша сынға түсетін психологтар өз біліктіліктері мен білімдерін ортаға салып жатыр. Кәсіби шеберлікті тек сахнада емес, өмірде де қолдануды әдетке айналдыру керек дейді ұйымдастырушылар.

Айнұр Шерімбет, ОҚО Білім басқармасының бөлім бастығы: «Психологтардың байқауы 3 кезең бойынша жүзеге асты. Байқауға 3-7 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандар қатысты. Олар ең бірінші өздерінің аудан, қалаларында бақ сынады. Содан іріктеліп облыстық байқауға келді. Мұндағы мақсатымыз психологтардың инновациялық тәжірибесі жөнінде банкін жинақтау, үздік тәжірибелі психологтарды анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар базасын қалыптастыру .»

Бүгін бағы шапқан ең үздік психолог қараша айында өтетін Республикалық байқауда облыстың намысын қорғайтын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T0LFC9Qmark[/youtube]