Еліміздегі мектептерде 3 мыңға жуық мұғалім жетіспейді

14

Еліміздегі мемлекеттік мектептерге 3 мыңға жуық мұғалім жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің баспасөз қызметі: «Қазіргі таңда педагогтарға қажеттілік 2817 адамды құрап отыр. Оның ішінде қалалық жерлерде – 1312, ал ауылдық жерлерде – 1505 мұғалім жетіспейді. Оның ішінде басым жетіспеушілік математика пәнінің мұғалімдерінде»

Ал, үшінші мегаполисте мұғалім тапшылығы жоқ. Шымкентте «ustaz.nobd» платформасы арқылы 2023 жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін 386 педагог жұмысқа қабалданған.

Ахмет Шурахмет, Шымкент қаласы білім басқармасының бөлім басшысы: «Шымкент қаласында жалпы мемлекеттік білім беру ұйымдарында мұғалім тапшылығы жоқ деуге болады. Бізде оңтүстік өңірінде орыс тілінен мұғалімдер жетіспеушілігі кейде ғана болып тұрады. Алайда, орындарды әзірге толтырып жатырмыз. Білім ғылым министрлігінің 57-ші бұйрығына сәйкес өздеріңізге белгілі педагогтарды жұмысқа қабылдау конкурс тәртібімен жүргізіледі»