Электрстанциялары жаңартылып жатыр
Электрстанциялары жаңартылып жатыр

«ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің мамандары ескі құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Бұл істі 2011-2012 жылдардағы инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырып отырған мекеме жыл соңына дейін алға қойылған межені бағындырамыз деп отыр.

Бұл электр станциясы қаланың үлкен аймағын жарықпен қамтып отыр. Екі шағынаудан мен бірнеше кәсіпорындар дәл осы жерден қуат алады.  Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін жарықтың сапасы да артады дейді мамандар.

Алексей Логвиненко, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС аға шебері:»Екінші жүйенің жөндеу жұмыстарын жұма күні аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Станцияның жаңғырту жұмыстары екі аптаға созылады». 

Былтыр жаңғырту жұмыстары мақсатында 1 млрд. 900 млн теңге иегерілген. Биыл да миллиард теңгенің жұмыстары атқарылды. 40 жылдық ескі қондырғыларды жаңартуда жергілікті трансформаторлар пайдаланылуда. Оңтүстіктің жарығын жаңартып, технологиялық қуаттылығын арттырып, тұтынушыларға тиімді қызмет көрсетуді көздеген «ОңтүстікЖарықТранзит» электр жарығын үнемдеуді де жолға қойып отыр.

Алексей Логвиненко, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС аға шебері: «Бұл құрылғы Қытайдан әкелінді. Бүгінгі заманның талабына сай құрылғы. Жарықты үнемдеуге де, сапасын арттыруға да тиімді. Бірінші жүйесі осы құрылғы арқылы жасалды, енді екінші жүйесі жөнделіп жатыр».

Энергетика саласын дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарлама екі жылға арналған, ол жобаға 3,5 млрд. теңгеге бөлінбек. Бұл қаражатты «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесі жаңғырту жұмыстары мен жаңа станциялар салуға жұмсайды. Жұмыстар қатаң кесте бойынша жүзеге асып жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wcXXqzBKT74[/youtube]