Оңтүстік Қазақстандағы білім саласы шетелдік стандартқа сай. Бұл туралы Fidjip-Eurotalent concorde Қазақстан-Француз орталығы мен Өскемендік саяхаттау бюросы хабарлады. Арнайы мамандарға біздікілер білім саласында 3 жылдан бері жасалып жатқан істер жөнінде есеп берді.
Оңтүстікқазақстандық оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Енді олар халықаралық шығармашылық және пәндік олимпиадалар мен шеберлік сабақтарына қатыса алады. Жаңа белестерге қол жеткізуде «Фиджип Еуроталант» Қазақстан-француз компаниясының өкілдері қол ұшын созуға даяр. Өзіндік білім бағдарламаларымен олар Шымкентке келген болатын.
Алекс Касильдо, Fidjip-Eurotalent concorde компаниясының директоры: «Біздің басты мақсатымыз — балалардың ойлау қабілетін кеңітіп, оларға Еуропаның әсем жерлерін көруге мүмкіндік беру. Мұндағы оқушылардың білім деңгейлері жоғары, олар мұны олимпиадаға барып дәлелдеді».
Француздық қонақтар шеберлік сабақтарының тегін жүргізілетінін айтады. Осы бағдарламаның ықпалымен 3 жылдан бері Оңтүстіктің оқушылары Еуропа елдерінде білімін жетілдіріп келеді. Қонақтардың айтуынша, жергілікті шәкірттердің білім деңгейі жоғары, еуропалық талапқа сай келеді, сондықтан да мұндай әріптестік екі тарапқа да пайдалы екенін жасырмайды.
Ранолия Ким, №8 гимназия мектебінің мұғалімі: «Шымкентте жұмыс істеп жатқанымызға 2 жыл болды. Балалар шет елдерге саяхаттау арқылы өздерінің дүниетанымын кеңейтеді. Біздің балалар шетелге саяхаттағандарына дән-риза».
Бүгінгі күні «Фиджип Еуроталент» аймақтағы 50 мектеппен жұмыс істеуде. Жақын күндері тегін білім беруге олар студенттер мен ғалымдарды да тартпақшы.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cweo9eICxd8[/youtube]