«Білім сапасын арттырудағы заманауи цифрлық технологияның ықпалы» тақырыбында семинар өтті

49

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге бейімдеп, жан-жақты біліммен қаруланған жеке тұлғаны қалыптастыру керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Сондай-ақ, заман талабына сай білім беру үшін мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату мәселесі өзекті болып отыр.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы «Сапалы білім» жобасы аясында №52 мектеп лицейі базасында  «Лицей сыныптарында білім сапасын арттырудағы заманауи цифрлық технологияның ықпалы» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: Сапалы білім беру мен цифрлық сауаттылықты қалыптастыру арқылы өзі, өз елі үшін және әлемдік жауапкершілікті сезінетін табысты, дербес тұлғаны тәрбиелеу, дамыту.
Орталық әдіскері Сәуле Базарбаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар барысында лицей директоры Айнұр Бимырзаева «Роботехника негіздері», «Физика біздің өмірде», «Биология әлемі», «Үйірменің үйретері көп», «Шебер қолдар» үйірмелерімен таныстырып, мектеп-лицейінің Әнұранын «Сырлы домбыра» үйірмесімен бірге шырқады.
Сонымен қатар, пән мұғалімдері А.Биболат, М.Абдрайытынова, Д.Жапбарова, Р.Адырбекова, А.Саулембаева, А.Махан, А.Қадірқұл, Т.Айқынбекова, Г.Сүлейменова, З.Кокушова, Ұ.Камалова, С.Ибатова, М.Омарова, Н.Тыныштықбаева, П.Салтаева, Н.Әбілхай, П.Менликулова Р.Хашимова, Н.Қалходжаев ашық сабақтар мен кіріктірілген демонстрациялық, коучинг пен шебер сабақтарын көрсетті.
Аталған шараға жетекші және тірек мектептер (15; 23; 41; 46; 77; 107) мен Абай ауданына қарасты білім беру ұйымдарының әдістемелік орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты.
Семинар өз дәрежесінде өтті. «Сапалы білім» жобасы аясында жұмыстар жалғасын табады.