Шымкенте дәмі тіл үйірер тағам — палау пісірушілер өзара сынға түсті. Аспаздар фестивалі қаламызда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылардың жасына, ұлтына, біліміне шектеу қойылған жоқ. Өйткені — ас баршаға ортақ. Өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған іс-шарасына бізде бас сұқтық.
«Достық дастарханына» биыл өзінің палауын ұсынуға ниеттенгендердің саны көп болды. Классикалық, Ташкент, Әндіжан, Ферғана, Шымкенттік, Шайхана, Президент, Мерекелік — тізе берсең палаудың түрі көп. Ең бастысы, тағамның дәмі керемет әрі ерекше болуы үшін қатысушылар барын салды.
Әлімжан Юлдашев, сайысқа қатысушы: «Шебердің саны қанша болса, палау пісірудің де құпиясы сонша. Аспаздың іске қандай көңіл күймен кіріскені де маңызды. Егер барын салып жасаса, халықтың көңілінен шықсын деп қаласаң әрине, палау дәмді болып піседі».
Айта кетейік, аспаздар сайысына қатысушылардың жасында шектеу қойылған жоқ. Мұнда дәмді асты тек ер-азаматтар даярлайды деген қағиданы бұзып, 3 нәзік жанды ару да өз бағын сынап көрмек болды. Білегін сыбана кіріскен 24 аспаздың жасы 14-те болса, ең ересегі 80 жаста.
Аспаз: «Палаудың даярлануы ерекше. Оның әрбір кезеңіне мән беру керек. Көлемі, құрамы тіпті отың қауты да тіл үйірер палау жасауға әсерін тигізеді».
Достық дастарханы облысымыздың 80 жылдық мерейтойына арналған. Аспаздардың арасынан өңіріміздің үздік палау пісіруші шебері деп Камилжан Ерметов танылды. Ал ассүйер қауым бұл күні түрлі дәмдеуіштер қосылып пісірілген палаудың дәмін татып қайтты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=q7_hHPfvOSY[/youtube]