Емхана және стационар арасында делдал болып табылатын емдеуге жатқызу бюросының аумақтық бөліміне жол тартқан болатынбыз. Науқастарды жоспарлы емделуге жатқызу мүмкіндігі осында қадағаланады. Осы жүйе арқылы оңтүсікте өткен жылы 9180 сырқат емделген.
Дегенмен, кейбір науқастар белгіленген уақытында стационарға емделуге келмейді немесе одан бас тартады дейді бюроның меңгерушімі Майра Нартаева. Мұндай жағдайдың 2011 жылы 796-сы тіркелген. Емделуге жатқызу мерзімі дәрігердің келісімімен 1 күнге ауыстырылуы мүмкін. Жолдамасы бар адам келмеген жағдайда өтінім жойылады.
Жоспарлы түрде стационарға жатуы керек науқастың 7 пайызын уақытында емдеуге жатқызуға келмейтіндер құрайды екен. Мәселен, соңғы 1 айда Сарыағаш ауданының өзінен 6 адам келмеген. Олардың орны бос қалмайды. Дер уақытында келгендердің бірі 84 жастағы қария Қазығұрт ауданының тұрғыны. Облыстық клиникалық ауруханаға жатқанына 1 апта болыпты.
Портал бойынша ауруханаға алдымен, шұғыл түрде 24 сағат бойы дәрігердің қадағалауы керек болып, өміріне қауіп туған науқастар жатады. Сонымен қатар, науқас жұқпалы дертке, жүйке ауруына шалдыққан, емді тіпті диагностиканы стационардан басқа жерде жүргізе алмайтындар жата алады.
Адам аурухананы өзі таңдайды. Міне, осылайша өзі қалаған ауруханада орын босаған кезде ол адамға хабар беріліп, ауруханаға қабылданады.
Соңғы екі жыл көлемінде науқастарды ауруханаға портал арқылы жатқызу жүйесі қолданысқа енді. Осы жүйе бойынша стационарға пациентті жоспарлы емделуге жатқызу шараларын жедел жасау және қажетті мониторинг жүргізу үшін әрбір аймақта “Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” РМК облыстық филиалында арнайы бюро жұмыс істеп келеді.
Бүгінде олар 2011 жылы осы қызмет арқылы 38424 пациент жолдама алды. Оның ішінде 54,5 пайызы — ауыл тұрғындары.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3-aMtrAaYCY[/youtube]