Шымкентте құрбандыққа мал сойылатын орындар белгіленді

451
құрбандыққа шалынатын орындар белгіленді
құрбандыққа шалынатын орындар белгіленді

Қала әкімдігінің мамандары мұсылман жамағатының қасиетті Құрбан айты мерекесінде малды құрбандыққа шалатын орындарды белгілеп, сондағы жағдаймен танысты. Қазіргі уақытта Шымкентте мал соятын үш бекет, екі алаңша бар.

Санитарлық талаптарға сай, барлық мал арнайы белгіленген орындарда құрбандыққа шалынуы тиіс.

Арнайы белгіленген орындардың бірі — Дулати көшесіндегі № 98 үй. Алаңша иесінің айтуынша, жай күндері қызмет ақысына малдың терісі алынса, Құрбан айт мерекесі күндері баға 500-ден 1000 теңгеге дейін көтеріледі. Мұнда күніне 100 мал союға мүмкіндік бар.

Құрбан айтта тіпті Сайрам ауданынан қасапшылар арнайы шақыртылады екен. Ал «Базар» АҚ-да мамандардың айтуына қарағанда, мұнда бір күнде 100-ге жуық ұсақ, 20 ірі қара мал союға болады. Ал баға әдеттегіден төмен болады деп отыр.

Құрбандық шалудың талаптары бойынша малды иесінің өзі де сойып алуына мүмкіндік жасалған. Ал көпқабатты үйлердің аулаларында мал союға болмайды. Ол санитарлық нормаларға сай емес.

Кейбір жерлестеріміз құрбандыққа шалынатын малды Алла үйінің маңына апарып сойған дұрыс деген пікірде. Алайда имамдар құрбандықты мешіттің алдында шалу шарт емес дейді. Талап бойынша мешітке әкелінген төрт түлік те арнайы орындарда бауыздалады.Құрбандыққа шалынатын малдар арнайы орындарда сойылсын деген үкіметтің де қаулысы бар. Оның орындалуы шарт. Себебі, барлығы жамағаттың қауіпсіздігі үшін жасалады. Ниеттеріңіз қабыл болсын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=L0DLy0kj19U[/youtube]