Облыстық әкімшілік-іскерлік орталығының қарсы бетінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, балабақша мен мектептің құрылысы қарастырылуда.
Сондай-ақ демалыс орны мен спорт кешенінің де құрылысы жоспарланып отыр.
Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Даңғыл «Астана» деп аталғандықтан инвесторлар тартылады. Мұнда 9 қабатты үйлер бой көтермек. Өздеріңіз байқасаңыздар көгалдандыру жұмыстары басталды. Стелла да Астанаға ерекше көрік беріп тұр. Келешекте мұнда Сейдолла Бәйтерековтың мүсіні де қойылуы әбден мүмкін».