Суретші, кескіндемеші, қолөнер шебері Расул Естемісов Түлкібас ауданының тумасы. Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған шебер осылайша өмірін сурет салумен, гобелен тоқумен байланыстырады. Қазір Расул Естемісов Шымкент қаласында тұрады.
Бүгінде мүсіндер жасауды да қолға ала бастапты.Тіпті оның қолынан шыққан суреттердің бірі Өскемен қаласындағы зәулім үйге үлкендедіп салынған. Шымкент қаласындағы «Бейбітшілік» көшесі бойындағы ұлттық құндылығымызды арттыратын Расул Естемісовтың қолынан шыққан «Білезік», түйенің мүсіндері орнатылған.
Ал жақында шебер салған бірнеше суреттердің құрылуымен белгілі жазушы Саяның ұйымдастыруымен «Бақ құсы» атты ертегінің алғашқы топтамасы жарыққа шықты.
Расул Естемісов, суретші, қолөнер шебері: «Маған алғашында осындай ұсыныс жасалғанда тосылып қалдым. Өйткені ұзақ жылдар бойы менің еңбектерім ешкімге қажет болмай жатты. Ал Сая қыз келіп аға салған суреттеріңіздің көмегімен ертегі құрастырайық деген ұсыныс жасады. Ойланбастан келістім. Бірақ бәрі де қаржыға келіп тіреледі емес пе? Бүгінде ойлап шығарған ертегіміздің тек бір ғана данасы шықты. Өйткені бір кітапқа 3000 теңге қаржы кетеді екен. Ал оны көлемді етіп шығаруға қаржы қажет».