Аты — аңыз, сөзі өсиет болған баба ескерткішінің облыс орталығындағы ең биік орынға жайғасуында да сыр бар. Біріншіден, қалаға кіре беріс даңғыл жол Бәйдібек бабаның есімімен аталса, екіншіден ескерткіш орнатылған бағытта Бәйдібек ауданы бар. Осы ескерткіштің орнатылуына мұрындық болып қана қоймай, авторлық үлесін де қосқан облыс басшысы Асқар Мырзахметов.
Бәйдібек баба ескерткішін орнату идеясын белгілі жазушы Еркінбек Тұрысов ағамыз екі жыл бұрын көтерген болатын. Нәтижесінде осыдан бірнеше ай бұрын мүсіннің кескіндемесіне конкурс жарияланып, ондаған суретші өз ұсыныстарын өткізген. Ал қала құрылысының кеңесі бүгінде бой көтерген мына ескерткішке тоқтапты.
Ескерткіш маңындағы жұмыс мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта 42 гектар алқапта жерлестеріміз бен қала қонақтары серуендеп, дем алатын орындар мен тарихи этносаябақ бой көтермек.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_QSSX-v2yiM[/youtube]