Шымкентте екі адамды өлтірген қаніпезер құрыққа түсті

220
Созақ тұрғынының мәйіті

 

Созақ тұрғынының мәйіті

Шымкентте екі адамды өлтірген қаніпезер құрыққа түсті. Қолын қанға малыған адам алдымен өзінің әпкесінің азаматтық некедегі күйеуімен ерегісіп, пышақтап өлтірген. Арада бірер күн өткен соң өзінің танысымен спиртті ішімдік ішу барысында ерегісіп қалып, ол азаматшаны буындырып өлтіріпті. Мойнына екі бірдей адамның қанын жүктеген күдікті тәртіп сақшыларының іздестіруі нәтижесінде ұсталды.

13-қазан күні Әл Фараби полиция бөліміне Вокзал маңындағы көшеден өлтірілген адамның денесі табылды деген суыт хабар жеткен. Оқиға орнына шұғыл аттанған тергеушілер сол көшедегі нөмірі 295 үйдің алдында жатқан ер адамның мәйітін анықтайды. Жедел іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде мақтаралдық тұрғын тұтқындалды.

Атап өту керек, күдікті азамат тергеу барысында өзінің тағы бір кісі өліміне қатысы барын мойындады. Өзі көрсеткеннен кейін сол көшедегі тағы бір үйдің ауласынан азиялық нәсілді әйелдің мәйіті табылды.

Қазіргі таңда осы фактілерге байланысты қылмысты іс қозғалды. Күдікті азамат тергеу абақтысында қамауда жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mHs6xGFhDF4[/youtube]