«Химфарм»қарқынды даму жолында

377
Зауыттың даму жолы қарқынды
Зауыттың даму жолы қарқынды

Химфарм зауытының ауласында қызу жұмыс. Мұнда осыдан бір жыл бұрын жоспарланған ампуль-инфузия цехының құрылысы жүріп жатыр.

Рүстем Байгарин, бас директордың кеңесшісі, жобаның жетекшісі: «Құрылыс жұмыстары 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі-әдеттегідей. Ол инфекциялық шайынды өндіру. Екінші және үшінші кезеңі бойынша өндірілетін құрылғыларды одан әрі дамыту».

Химфармда қосымша ғимарат салынып жатыр

Бастапқы жоспардағыдай, Химфармның акцияларын сатып алған жаңа қожайындар өндіріс орнын ауыстырмады. Келер жылы өндірістің қуаты артып, 350 миллион ампула мен 4 млн. инфузия өндіру жоспарлануда. Жаңа цехта 400 адам жұмыспен қамтылады. Инвестицияның мөлшері 30 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Болашақта дәл осы цехта онкологиялық және биотехнологиялық құрылғылар да шығарылмақ. Жаңа цехтың құрылысы зауыттағы өзгерістердің бірі ғана.

Владимир Грыглевич, «Химфарм» АҚ бас директоры: «Жаңа ғимараттың жанында қосымша құрылыстар жүргізіледі. Бұл жерде ампула мен оның ұнтағын бөліп тұратын адамдарға арналған құрылыс жүріп жатыр. Ұнтаққа келетін болсақ, біз арнайы ДМП тексерісінен өттік. Енді нәтижесін күтіп отырмыз. Ол жерде аздаған ескертулер болған, соны бір-екі аптада жөндеп, ДМП-ның сертификатын алымыз «.

Сондай-ақ, жоспарда қосымша дәрі-дәрмектер мен тұнбаларды өндіру үшін сертификат алу да бар. Барлық жобалар 2013 жыл мен 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында іске асады.  Ал 2015 жылы евростандартқа сәйкес GMP жүйесіне өту жоспарлануда, сол кезде ғана Польфармда өндірілетін дәрілік құрылғылардың жартысы Шымкенттегі Химфармға жеткізілмек. Алдағы төрт жылдың ішінде Химфарм АҚ-на 85 млн. АҚШ долларының инвестициясы тартылмақ.