Жалған құжат жасаушы ұсталды

275
күдікті азамат әр жалған құжат үшін 50 мың теңге ақы алып келген
күдікті азамат әр жалған құжат үшін 50 мың теңге ақы алып келген

Шымкентте жалған құжат жасап келген 33 жасар күдікті ұсталды. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ізіне түскен азамат бұрынғы жер комитетінде қызмет атқарған болып шықты. Ол еш жерде тіркелмеген кеңсе ашып алып, әкімдердің қолы қойылған маңызды құжаттарды сатып келген.

Бұл күдіктінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қармағына түсуі кездейсоқ емес. Өйткені пысықай шымкенттіктің бір емес бірнеше көлемді қылмысқа қатысты болуы да мүмкін. Тірлікті тез тындырғышқа тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелерге сарсылмай-ақ дегеніне қол жеткізіп отырған.

 

Айтпақшы, күдікті азамат әр жалған құжат үшін 50 мың теңге ақы алып келген. Пысықайда қажет деген құжаттардың көшірмелері, қолтаңбалар мен мөрлердің бәрі де болған. Пәтерді тінтіген тәртіп сақшылары дәйекті дәлелді тауып алды.

Қуат Құдайбергенов, ОҚО ІІД жедел аға уәкілі: «Пәтерді тінту барысында 6 бірдей жалған жер учаскелерінің мемлекеттік актісі, 48 бос бланкі, 7 мөр, әкімдердің қолы қойылған құжаттар табылды.»

Осылайша алаяқ шымкенттікке қатысты қылмыстың түйіні тарқатыла бастады. Осы арада белгісіз адамның 5 бірдей жердің құжатын шетелдік шырттай көлікке алмастырғаны белгілі болды. Одан кейін өзі ізім-қайым жоғалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7J1CQEY9wF8[/youtube]