Әл-Фараби ауданы прокуратурасымен 40 кәсіпкер мен 419 балалардың құқықтары қорғалды

109

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы прокуратурасы басым бағыттарының бірі – ол балалар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.

Осы мақсатта Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының прокуратурасында тиісті мобильдік топ құрылып, олар жұмыстарын сәтті жүргізуде.

Жыл басынан осы күнге дейін аудан прокуратурасының мобильді тобының телефона 18 кәсіпкерлік субъект хабарласып, олар бойынша жүргізілген тексеру 10 хабарламаның өз дәлелін тапқанын анықтады.

Мысалы, «Шымкент қаласының Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінен қозғалыс қиылысы құрылысының» II-ші кезеңі басталған уақытында Рысқұлов көшесі бойында Қонаев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін жолдың сол жақ бөлігінде автокөліктердің жүрісі тоқтатылған болатын.

Рысқұлов көшесінің сол жағының кіру жолдары толығымен бекітіліп, кәсіпкерлік нысандардың еркін кәсіпкерлікпен айналысу және екі оқу орталығына келуші балалардың білім алу құқықтары шектелген.

Осыған орай Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының прокуратурасы 10.06.2021 жылы Шымкент қаласының әкімінің атына қалыптасқан жағдайды шешу үшін нақты шаралар қолдануға бағытталған заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, 28 кәсіпкердің, 2 оқу орталығының кедергісіз жұмыс атқаруына және 419 баланың білім алуына жағдай жасалынып, олардың құқықтары қорғалды.

Бұдан басқа, мағыналас жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында Шымкент қаласының Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік айрығын салу үшін түзілген жобалық-сметалық құжаттарына талдау жүргіздік.

Нәтижесімен аталған құрылыс жұмыстары басталатын болса көше қиылысында орналасқан 10-нан аса кәсіпкердің құқықтары шектелетіні анықталды.

Сондықтан аудан, бұл мәселенің алдын алу үшін аудан прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 19.11.2021 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының атына ұсыну енгізілді, қаралу сатысында.

Жалпы, прокуратураның ықпалымен ағымдағы жылы 182 жұмыскердің алдында 13,4 млн. теңге еңбекақы қарызы төленіп, 182 жұмыскердің және 40 кәсіпкер мен 419 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының прокуратурасы құқық қорғау бағытында жұмыстарын әрі қарай жалғастыратынын хабарлай келе, белгілі болған әрбір заңдылықты бұзушылыққа төзімсіздікпен ынтымақтасуға шақырады.

 

QAINAR KÓZӘл-Фараби ауданының прокуратурасы