Осы уақытта көрші елдің тасымалдаушыларына салынған айппұл 40 миллион теңге болған
Осы уақытта көрші елдің тасымалдаушыларына салынған айппұл 40 миллион теңге болған

Қырғызстандық жүргізушілер ОҚО Кедендік бақылау департаментіне қарсы жазған сот талабын қайтып алды. Бұл кезде көрші елдің тасымалдаушыларына салынған айппұлдің көлемі 40 миллион теңгеге дейін өсті. Бұл туралы кеденшілер айтып отыр.

Барлық мәселе төленетің салық төлемінде. Біздің көрші республикада алынатын салық, Кеден одағындағы елдерге қарағанда біраз төмен болуының салдарынан қаражат шығындары да түрлі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бес ай бұрын ОҚО кеденінде контрабанда тасымалдады деген күдікпен қырғызстандық 5 жүргізушісі ұсталған болатын. Олар Сарыағаштан Мәскеу қаласына құрма апара жатқан. Қырғызстандық тасымалдаушылар біздің кеденшілерді өздерін заңсыз тұтқындады деп айыптап, Абай аудандық сотына және ОҚО кедендік бақылау департаментіне арыз берген болатын.

Бұл оқиғада көліктік бақылау инспекциясы өз дәрменсіздігін танытып, Қырғызстандық жүк тасымалдаушыларға қатысты туындаған жағдайдың шешу жолдарын таппауда.

Қазақстан және Қырғызстан арасында 2003 жылы көлік қозғалысы жөнінде келісім жасалған болатын. Алайда бүгінгі таңда осы екі ел арасында келісімді қайта қарау қажеттігі туындаған болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VPUstPzmW-8[/youtube]