Әлеуметтік сауда орындарындағы азық-түлік бағаларының тұрақтылығына күмән бар. Бұл жүргізілген арнайы рейдте байқалды. Өйткені сауда орындарындағы тауарларда белгіленген баға жазылмаған. Осыған қарамастан бағаны бақылауға белсеніп шыққан «Нұр Отан» партиясының өкілдері баға тұрақты деп отыр.
Шымкенттегі «Жаңа шаһар», «Алаш» базарларына тексеру жұмыстарын жүргізген «нұротандықтар» рейд соңында бұл мәселеге қатысты базар басшылығына ескерту жасайтынын айтып қалды.
Әлеуметтік сауда орындарындағы тазалық жәйі де көңіл көншітпейді. Тексеру комиссиясы «Алаш» сауда орнына барғанда балық сатушылардың осындай жұмысының үстінен түсті. Дереу ескерту жасаған рейдтік топ мұны да өз есебіне алатын байқатты.