Базардан ет сатып алудан қорықпаңыз

214
Базардағы еттер үш рет тексеруден өтеді екен
Базардағы еттер үш рет тексеруден өтеді екен

Базар сөресіндегі ет өнімдері үш рет тексеруден өтеді. Алдымен арнайы орындарда сойылды деген анықтама талап етіледі. Одан соң кез келген базардағы зертхана мамандары малдың ішкі құрылысы мен етін тексеріп, мөр басады. Ал тексеруге алынған 200 грам ет өнімі үш күн бойы сақталуы тиіс.

Осындай қатаң бақылаудың нәтижесінде сары аурумен ауырған малдың саны облыс бойынша 740- тен 436-ға кеміді. Аталған ауруға шалдыққан адамдардың да саны азайған. Заң бойынша ауру мал 5 күннің ішінде жойылуы тиіс. Үкімет тарапынан да мал иелері ауру малдарын жасырмауы үшін талап қойылған.

Бұған дейін көршілес республикалардан әкілінетін малдардың арасында ауру мал кездесетін жағдайда ол шекарада тәркіленіп жойылып келетін. Бүгінде мал және мал өнімдерін әкелуді кәсіпкерлер тоқтатқан. Құны жағынан тиімсіз, бұның өзі бір жағынан малдан жұғатын түрлі жұқпалы аурулардың кемуіне негіз болыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5wftgMd98tY[/youtube]