Қоғамда кітап оқитын жас азайып барады

V аймақтық форумға Шымкенттегі кітапхана қызметкерлерімен қатар, жоғарғы оқу орындарының кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ, аудан-қалалардағы кітап жанашырлары да қатысты.
V аймақтық форумға Шымкенттегі кітапхана қызметкерлерімен қатар, жоғарғы оқу орындарының кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ, аудан-қалалардағы кітап жанашырлары да қатысты.

Жастар рухани жан дүниесін кеңейткеннен гөрі, түрлі техникаларға шұқшиғанды жөн көреді. Мұндай пікірлер бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында болып өткен V аймақтық форумда айтылды.

Ұлттық рух тақырыбында сөз қозғаған кітап жанашырлары өзара әңгімеде ұлтжандылықты көтеру үшін жастармен жиі бас қосып, түрлі іс-шаралар өткізу қажеттігін айтты.

Айта өтейік, бүгінгі таңда облыста 434 кітапхана болса, соның 350-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Айнагүл РЫСКЕЛДІ, Отырар аудандық кітапханасының директоры: «Ең бірінші, сол кітапты оқытуға жастарды бері қарай бет бұрғызуымыз керек. Кітапты жақсылап жарнамалауымыз керек. Одан соң, кітапханашының сауаты мықты болу керек. Оқырмандар кітапханаға тек кітап оқу үшін келмейді. Кітапханашының өзімен сөйлесу үшін, сырласу үшін келеді. Сондықтан кітапханашы сол ауылдың ең бір білімді азаматы болуы тиіс».

V аймақтық форумның мақсаты – патриоттық сана-сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен оның тарихи-мәдени мұраларына құрметпен қарауды қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gay9bmkGuJ4[/youtube]