Баспана алуға керек құжаттар

фото Ашық дереккөз
«Қолжетiмдi тұрғын үй-2020»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекiтiлген «Қолжетiмдi тұрғын үй-2020» бағдарламасына сәйкес, жас отбасыларды сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің тұрғын үй секторы жас отбасылардан құжаттарды 2012 жылдың қараша айынан бастап, 2013 жылдың мау-сым айына дейін қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Өтініштер мен құжаттар қабылданатын мекенжай: Шымкент қаласы ТКШ,ЖК және АЖ бөлімінің тұрғын үй секторы, Республика даңғылы 6А, 2 каб, тел.: 21-42-71.

Құжаттарды қабылдау уақытында жас отбасыларға қойылатын негiзгi талаптар:

1) Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiш берген кезде ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де жасы 29 жастан аспауы қажет;

2) өтiнiш берген сәтте кемiнде 2 жыл тiркелген некеде болуы;

3) отбасының құрамына ерлi-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлi-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады;

4) ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берiлген елдi мекенде тiркелуi;

5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерiнде сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үйге қоныстану үшiн Бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiш берген елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы;

6) соңғы 5 жыл iшiнде ерлi-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактiлерiнiң болмауы;

7) өтiнiш берердiң алдындағы соңғы 6 ай үшiн отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:

а) ең төменгi –күнкөрiс деңгейiнiң 3 есе мөлшерi;

б) ең жоғарғы – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 12 есе мөлшерiнен артық емес.