Шымкентте халықты үрейде ұстап келген қарақшылар құрықталды! Бір топ өрімдей жас жігіттер бетперде киіп алып, қарумен қорқыту арқылы дүкендер мен жанармай бекеттерін тонап келген.
Түн қараңғысын пайдаланып, арам ойларын іске асырып келген қарақшылар жаздан бері ұстатпай жүрген болатын. Бүлдіргені жалғыз бұл ғана емес.
Қылмыстық топтың әрекетінен халыққа келген шығынның көлемі миллион теңгеге жуықтайды. Қазір өздерінің істегендерін мойындарына алған күдікті жігіттер қамауда жатыр.