Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

Әр 10 секунд сайын әлемде 2 адам қант диабетіне шалдықса, әр 8 секунд сайын 1 адам осы кесел салдарынан көз жұмады екен

 

Әр 10 секунд сайын әлемде 2 адам қант диабетіне шалдықса, әр 8 секунд сайын 1 адам осы кесел салдарынан көз жұмады екен

ОҚО-да қант диабетіне шалдыққандар саны күрт көбейіп барады. Қазірдің өзінде 30 мыңға тарта адам есепте тұрады. Ал дертке шалдыққанын білмей жүргендер де тіпті көп болуы мүмкін. Өңір дәрігерлері осыдан қауіптеніп отыр. Бұл туралы эндокринолог мамандар бүгін өткен ашық есік күні барысында айтты.

Ашық есік күні бүгінгі Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шара. Кез келген азамат ауруханаға келіп, қант мөлшерін тексеріп, дәрігерден тегін кеңес ала алу мүмкіндігіне ие болды.

Айта өтейік дертке шалдыққандар тек оңтүстікте емес, елдің басқа аймақтарында да тым көбейіп барады. Кей ақпараттарға қарағанда науқастардың саны 700 мыңға жетіп жығылады.