Еткен еңбек елеусіз қалмады! Қала әкімі Қайрат Молдасейітов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен өңірдің дамуына тер төккен 50-ге тарта азаматты арнайы марапаттады. Олардың арасында экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен спорт және құқық қорғау органдарының мамандары бар. Салтанатты түрде төс белгілерін таққан азаматтар еңбектерін елеген басшыларға алғысын білдірді.
Нәбира Жүзбаева,Шымкент қалалық білім саласы қызметкерлерінің қамқорлық қауымдастығының төраймы: «Кей кезде еңбек еленбей қалады. Ол басшыларға тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде облыс әкімі Асқар Мырзахметовке және қала басшысы Қайрат Молдасеитовке мың алғыс. Төгілген тер бағаланды деген осы болса керек».
Айта кетейік, бұл медаль қажырлы еңбек етіп қана қоймай, қайырымдылық жасаған жомарт жандарды бағалап, құрмет көрсету үшін тағайындалған.