Көгілдір отынды таратушылардың әрекеті заңсыз

263
Шот бойынша төлем соммасы ағымдағы ақша есептеу соммасынан кем болмауы тиіс

 

Шот бойынша төлем соммасы ағымдағы ақша есептеу соммасынан кем болмауы тиіс

Бүгін облыстық монополияға қарсы инспекцияның мамандары «Қазтрансгаз аймақ» АҚ-ның тұтынушыға таратқан түбіртектегі екі бірдей қызметтің ақысын қосып жібергені дұрыс емес екендігін мәлімдеді. Еске сала кетейік қараша айында мекеме осындай жаңашылдықты жария еткен болатын.

Бұған дейін сатылған көгілдір отын мен газ қондырғыларына көрсетілген қызыметің ақысын екі түбіртек арқылы жіберіп келген «Қазтрансгазаймақ» АҚ саясатын күрт өзгертіп екі қызметінің ақысын біріктіріп жіберген. Нәтижесінде құбыр мен қондырғыларына көрсететін қызметке «Қазтрансгазбен» келісім шарт жасамаған жерлестеріміз ақыны қалай төлерін білмей дал болды. Бөліп жарып төлеуді Қазпочта да қабылдамайды екен.

«Қазтрансгазаймақ» АҚ бұл тұрғыда да айлаларын іске асырған секілді Қазпочта мекемесімен жасаған келісім шарты және түбіртектің соңына жазған ескерпелерге сай Шот бойынша төлем соммасы ағымдағы ақша есептеу соммасынан кем болмауы тиіс.

Олай болса сіз қанша қызметтің ақысы болсын, түбіртекте көрсетілген соммадан төмен төлей алмайсыз. Ал ОҚО монополияға қарсы инспекция мамандары бәсекелестік ортаға жататын қызметі өздеріне иемдену заңсыз дейді.

«Қазтрансгазаймақтың» осы әрекеті расталып дәлелденетін болған жағдайды бір емес бірнеше тиісті мекеме тарапынан шара көріледі. Бұл «Қазтрансгазаймақтың» алғашқы жаңалығы емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lNqc8Mq53Bk[/youtube]