Мал ұрлаған күдікті ұсталды

183
Ордабасы ауданынан табылған күдікті қамауға алынды
Ордабасы ауданынан табылған күдікті қамауға алынды

Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері, екі ай өткен соң, мал ұрлаған күдіктіні ұстады. Биылғы жылдың кыркүйек айының басында Ордабасы АІІБ-ның кезекші бөліміне 63-жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында таңғы уақытта оның қорасынан 600 мың теңгеге бағаланатын екі жылқысын ұрлап кеткені туралы жазған.

Жедел- ідестіру іс-шарасының арқасында, екі ай өткен соң, Ордабасы АІІБ-ның қызметкерлері Арыс ауданының 1963 жылы туылған күдікті азаматын құрықтапты. Айғақ зат ретінде, ұрланған жылқылар алынып, өзінің заңды егесіне қайтарылды.

Осы жәйт бойынша, ҚР ҚК-нің 175- бабы «Ұрлық » бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.