«Моранди» тобы — Шымкентте

202
Моранди тобы "Бегемот" ретроклубында өнер көрсетті

 

Жиналғандар топтың әндерін жатқа айтып, әнді бірге шырқады

Әйгілі «Моранди» тобы — Шымкентте! Шымқаланың туған күнін «Бегемот» ретро клубында атап өткен жерлестеріміз румындық топтың әндерін теледидар немесе радиодан емес, өз ауыздарынан тыңдауға мүмкіндік алды. Бұл — еуропа әуендерін сүйіп тыңдайтындар үшін жасалған керемет сый болғаны даусыз.

Қаладағы Бегемот клубының басшылығы жерлестерімізге күтпеген сый әзірлеп, МТВ Awards сыйлығының 4 дүркін иегері, румындық Morandі тобын қонаққа шақырды.

Роман Исхаков, клубтың арт-директоры: «Мұндай дүбірлі тойды өткізіп алғандар көп нәрседен қалып кеткеніне мен сенімдімін!»

 

Моранди тобы «Бегемот» ретроклубында өнер көрсетті

Бұл топ Қазақстанға мұның алдында келіп кеткенімен — Шымкентте ат басын алғаш бұруы. Ретро клубқа арнайы шақырылған қонақтарды кешке жиналғандар тағатсыздана күтті.

Көрермен: «Бұл кештен күтерім көп. Шымкентке алғаш рет Моранди келеді деді. Оның үстіне, бұл жерде ашылғалы достарымызбен жиналамыз, Керемет демалыс орны. Барлығыңызды осында шақырамын. Келіңіздер!»

Клуб төріне шыққан Morandi тобын жиналғандар ду қол шапалақпен қарсы алды. Кеш хитке айналып үлгерген «colors» әнімен басталып, кейіннен көпшілік сөздерін жатқа айтатын «Save me», «Angels» әндерімен жалғасын тапты.

Morandi тобы: «Біз ән үшін, тыңдармандар үшін келеміз. Қай ел, қай қалаға барсақ та бастысы — әнсүйер қауым болса болғаны. Бүгінгі кеш ойымыздан шықты. Біз де жиналғандарға әсерлі музыка сыйлауға тырыстық».

Әуенді кештің соңында Моранди тобының әндерін сүйіп тыңдайтын қауым румындық өнерпаздардан қолтаңба алып, естелікке суретке түсті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Fj7AGa-ynt0[/youtube]