4 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан (26-28 мм) Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласының Забадам кентіндегі тұрғын үйлердің аулаларын су басты деп хабарлайды ҚазАқпарат
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Сайрам ауданының Ақсукент кентінде тұрғын үйдің жертөлесіндегі суды сорып алу жұмысына ОҚО ТЖД-нің 13 адамы мен 1 техникасы, жергілікті 6 тұрғын мен әкімдіктің 4 қызметкері жұмылдырылды.
Забадам кентінде арықты тазалаумен және үйдің ауласынан суды сорып алумен жерлікті 35 тұрғын айналысты.
Түлкібас ауданының Түлкібас кентінде, 3 тұрғын үйдің ауласынан суды шығару жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің 13 адамы мен 1 техникасы, арықтарды тазалауға жерлікті 50 тұрғын, әкімдіктің 10 қызметкері мен 3 техникасы тартылды.
Төлеби ауданының Жылан ауылында 2 тұрғын үйдің ауласынан суды сорып алу жұмысына Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің 23 адамы мен 1 техникасы, арықтарды тазалауға жерлікті 30 тұрғын, 3 арнайы құрал және әкімдіктің 10 қызметкері жұмылдырылды.
Достық ауылында 2 тұрғын үйдің жертөлесінен және 4 үйдің ауласынан суды сорып алуға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің 13 адамы мен 1 техникасы, 1 арнайы құрал, жерлікті 14 тұрғын, әкімдіктің 10 қызметкері мен 2 техникасы тартылды.
Сағат 19.00-де апатты-құтқару жұмыстары аяқталды. Қираған үйлер, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайды жоюға Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің 62 адамы, 5 техникасы мен 5 арнайы құралы, жергілікті халық пен әкімдіктің 169 адамы, 5 техника және 3 арнайы құрал жұмылдырылды.