Салтанат Жабағиева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Салтанат Жабағиева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

ОҚО-да ВИЧ инфекциясы төңірегінде қып-қызыл дау болып жатыр. Кешегі жаңалықтармызда бір бүлдіршіннің ВИЧ-ті жұқтырғаны тек 6 жылдан соң ғана анықталғанын хабарлаған едік. Бұдан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары ақталып мәлімдеме жасады. Айтуларынша бала ауруды өңірдегі ауруханада жұқтырмаған болуы мүмкін. Ал науқас балаланың туысқандары болса дәрігерлер өтрікті судай сапырып жатыр деп шу шығарды.

Денсаулық сақтау басқармасы мамандары жайбарақат отырып баспасөз мәслихатын өткізбек болған. Тіпті мәлідеме де жасап үлгерді. Айтуларынша бала ВИЧ-ті өңірдегі аурухана ішілік инфекция тараған кезде жұқтырмаған.

Салтанат Жабағиева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары: «Бұл бала Өзбекстанның Гүлістан қаласында күйікпен бала ем алған болатын. Бірақ көршілес елден жауап келмеген».

Бұл сөзді естіген науқас баланың нағышысы ашуға булықты. Дәрігерлің айтып отырғаны өтірік дейді.

Анарбай Батырәліұлы, ВИЧ-ке шалдыққан баланың нағашысы: «Сіз меніңше, өз креслоңызды немесе халатыңызды қорғап отырсыз. Мұнда баланың өмірі жайлы сөз болып жатыр. Сіздің айтып отырған мәлімдемеңіз сұмдық! Өйткені, бала ешқандай елде ем алған жоқ. Ол ҚР азаматы болып табылады. Сондықтан да тек осында, Шымкентте емделген. Бүлдіршіннің ата-аналары баланы шетелде емдететіндей жағдайы да жоқ».

Сөйтіп жиын қып қызыл дауға ұласты. Науқас баланың туыстары бүлдіршін ВИЧ-ті ауруханада жұқтырған дегенінен қайтпайды. Ал осы оқиғаға байланысты тексеруді бастаған республикалық СПИД орталығы мамандарының да өз болжамы бар. Айтқандары облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәлімдемесіне қатты ұқсайды.

Аты жаман ауруды жұқтырған сәбидің туыстары өңір дәрігерін сотқа бермек. Осылайша өз ісіне жүрдім бардым қарағандарды жазалаймыз деп білек сыбанып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0yWKyVQVUS8[/youtube]