Оңтүстіктің 80 жылдық тойы "Мұз Срайында" жалғасты
Оңтүстіктің 80 жылдық тойы «Мұз Срайында» жалғасты

Оңтүстік өңірінің 80 жылдығына арналған гала-концерт қаламыздағы «Мұз Сарайының» сахнасынан тамашаланды. Еліміздің танымал өнер иелерінің атсалысумен өткен мерекелік кешті Ғ.Құлжанов пен К.Қалмырзаева жүргізді. Сахна шымылдығын «Көңілашар» шығармасымен «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі ашып берді. Айта өтейік, кешкі сағат 20:30 басталған концерт 00:00 шамасында тәмамдалды. Сонымен қатар, бұл күні облыс әкімі Асқар Мырзахметов жерлес бірқатар әншілерімізді «өңірге еңбек сіңірген әртіс» орденімен марапттаған болатын. Мәртебелі орденге ие болған өнерпаздардың ішінде қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарына айналып үлгерген «Жігіттер» тобы да бар. Ауқымы кең шарада сахнаны әнмен тербеген квартет Оңтүстіктің шежіресін әнге арқау етті. Құрылғанына 9 жылдан асқан топ сахна төрінде халық әнін әуелеткенде, жерлестері қосыла ән шырқады.

Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» квартетінің әншісі: «Біз бүгін өз ауылымызға келіп, шаттанып жатқан жайымыз бар. Шежірелі өңірдің осынау тойы да баршамызға қуаныш сыйлауда. Сондықтан, 80 жылдық тойды Біз болып Сіз болып айрықша атап өтуіміз керек. Ал бүгінгі қорытынды кеште «Туған жер» әні мен халық әнін орындаумызды өте орынды деп есептеймін. Себебі, кешке келген аға буын, мейлі жастар – жалпы жиналған жұртшылыққа рухани азық болсын деген ниет қой енді. Бүгінгі тойда патриоттық-халық әндері арқылы жаңа толқынға да бір сезім сыйлаймыз деп ойладық бір жағы. Сол үшін арнайы дайындап келген әніміз Оңтүстіктің тойына тартуымыз деп білеміз. Ал облыс әкімінің табыстаған ордені бізге үлкен қуаныш. Әйтеуір облысқа нендей де болса септігіміз тиіпті деп, марқайып қалдық. Енді болашақта да туған жеріміздің дамуына, гүлденуіне үлесімізді қоссақ – нұр үсіне нұр бола еді дейміз!»

Бұл күні мерекелік шараға келген көпшіліктің қарасы қалың болды, тіпті түрегеліп те кешті тамашалады. Сағаттап тамашалаған көрермендер, сахнадан көз алмай, өнер иелеріне қошемет көрсетті.

Абай Абдікәрімұлы, көрермен: «Таңертеңнен бері той болып жатыр. Оңтүстік өзі тойы таусылмайтын өлке ғой. Ал 80 жылдығының осыншалықты жоғарғы дәрежеде өтеді деп ойламаған едім. Отбасымызбен келіп, көріп жатырмыз. Апам да тәнті болып отыр концертке. Сахнаның өзі неткен керемет! Тамаша ғой! Тағы да кешті танымал әртіс Ғани Құлж

Мариям Бекбергенова, көрермен: «Біз бүгін мерекені сезініп жатырмыз. Достарымызбен келіп, түрегеліп тұрып тамашалап жатырмыз. Теледидардан ғана көретін Нұрлан Өнербаевтың, Шахизада, Марат Омаровтың әндерін тыңдап, билеп тұрмыз. «Жігіттер» квартеті де сахнаны жандандырып жіберді. Бәрі тамаша, бәрі керемет!»

Айта өтейік, кешкі концерттің сахнасынан «жұлдыздардың» қатысумен 33 нөмір реті тамашаланды. Анығырақ айтсақ, Ақжол Мейірбеков «Айгөлек» би ансамблінің қатысуымен «Айгөлек» әнін орындады. Нұрлан Өнербаев Т.Шапайдың сөзіне жазылған «Ауыл түні» әнін нақышына келтіре шырқады. Алтынай Жорабаева, Гүлнәр Сиқымбаева, Медеу Арынбаев, Өктем Алтаев, Шахизада Байбатшаева, Бауыржан Исаев, Лаки Кесоглу – сынды өнерпаздар сахнаны әнімен әлдилеп, өнерсүйер қауымның қошеметіне ие болды. Ал бәрінен бұрын сахна төріне жастардың ең сүйікті әншісі «Мұнарлан» көтерілгенде, көрермендер залының демеу-құрметі анық байқалды. Талай дүркін сахналарда, тіпті Астана қаласында үлкен сахналарда да дәл осы «Шымқала» әнін әуелетіп, жерлестерінің мәртесебін көтеріп жүрген әншілер бұл тойда да ән-тартуын орынды ұсынды. Жасыл желекті Шымқаланың көркі мен қасиетін әнімен паш етті.

«Мұнарлан» тобы: «Иә, бұл ән ел арасында «Хит» болып тарап жатыр. Біз бұған өте қуаныштымыз. Әнін Бақытжан Ауданбаев, сөзін аақын Әбілда амақ жазған. Әрине, туындының авторлары да өнер алыптары ғой. Слндықтан болса керек, Шымкенттің шырайын баяндауда танымалдылыққа ие болып жатыр. Жерлестерімізді атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Міне, қала күнін де бірге тойлап жатырмыз. Баршаңызға денсаулық, бақыт, елімізге тыныштық тілейміз. Шымкентіміз жасай берсін деіеміз келеді!

Өнерпаздар осылайша көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал сахнаға қарсы бете отырған Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шаханов бастаған аға буын концерттің соңына дейін тапжылмай тамашалады. Оңтүстіктің мерейін арттырған осынау торқалы той деңгей-дәрежесі өте жоғарғы дейгейде өтті деп тарасты көпшілік.