Келер жылы Түркістанда Мұз сарайы ашылмақ

60

Түркістанда мемлекеттік тапсырыс негізінде, бірқатар ғимарат салынуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының дамуында аса маңызды бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Солардың бірі – мұз сарайы. Спорт кешенінің жер аумағы 2 гектарға жуық. Ғимарат құрылысының көлемі – 4160 шаршы метрді құрайды. Нысанның құрылысы келер жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланған. Бұл ғимаратта қысқы спорт түрлеріне арналған үйірмелер ашылмақ.

Сонымен қатар өңір басшысы мәдени-тарихи орталықтағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді.