Оңтүстіктің кәсіпкерлері қайырымдылық жасады

280

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Оңтүстік индустриалды аймақта орналасқан 27 кәсіпорын ҚР бірінші президенті күніне орайластырып 10 мың тенгеден жәрдем беруді шешіпті.

Шымкент қаласындағы тұрмысы төмен отбасылардың саны 3 мыңнан астам. Қайырымдылық шарасына қатысқандар мүгедек жандар мен аса мұқтаж отбасының өкілдері болды.

Бұл шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Серік Тұяқбаев көпшілікті мерекемен құттықтап, ел экономикасындағы жетістіктерді әңгімеледі.