Ордабасы ауданындағы 4 жыл бойы азапқа салған арықтан енді қауіп жоқ

259
66 млн. теңге жұмсалған құрылыс қазір толығымен аяқталды.

 

Құрылысты 5 мердігер атқаруда

Палуан сай құрылысы толығымен аяқталды. Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылын тасқын судан қорғайтын тоспаның жұмысын мердігерлер тәмәмдады. Қазір енді елдімекен арасынан өтетен қашыртқының құрылысы жүргізілуде. Ұзындығы 3,5 шақырымдық каналдың көп бөлігі бетонмен қапталып, нығайтылып қойған. Қылышын сүйреткен қыстың жақындауына байланысты қашыртқы құрылысын бес мердігер атқаруда. Қазір тірліктің 50 пайызы тындырылыпты.

Мына жазық даладағы су тоспасына 6 млн. текше метр су жинауға мүмкіндік бар. Бұйыртса, биылғы қыстан бастап, палуан сай пайдаға асатын болады. 66 млн. теңге жұмсалған салынған құрылыс қазір толығымен аяқталды.

 

66 млн. теңге жұмсалған құрылыс қазір толығымен аяқталды.

Қазір Найманарық қашыртқысының құрылысы жүріп жатыр. Арнасы кеңейтілген канал бұған дейін секундына 8 текше метр су өткізсе, енді 15 текше метрге дейін ағыза алады. Жалпы ұзындығы үш жарым шақырымды құрайтын канал жұмысына бес мердігер тартылған. Қашыртқыны темір бетонмен қаптап, нығайту жұмыстарына 405 млн. теңге қаржы бөлінген. Құрылысшылар істі желтоқсан айында аяқтауы тиіс.

Найманарық қашыртқысының оң жақ қатпалында бес үй орналасқан. Мұндағы тұрғындар канал құрылысы аяқталса, көлікпен көшеге шыға алмай қаламыз деп сарыуайымға салынып отыр. Өйткені арықтан өтетін өткел жоқ. Нұрлан Жанабай мына үйін үкімет берген 4 млн. теңге өтемақыға қайта тұрғызып алған. Ешқайда шыға алмасам, еңбегім еш кетті дейді ол. Ал аудан әкімі бұл мәселе міндетті түрде шешіледі деп отыр.

Демек, арықтың құрылысы аяқталса, көпір де, жолдар да қалыпқа келтіріледі. Қазір канал бойымен апатты суды бөліп тастайтын қосымша тоспалар орнатылып жатыр. Оның бірі Арыс өзеніне, екіншісі Түркістан каналына құяды. Аудан басшылығы 2008 жылдан бері 4 жыл бойы азапқа салған арықтан енді қауіп жоқ деп сендіріп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xCBw9Y49H3Q[/youtube]