«Отырар» телеарнасына — 20 жыл. Дүбірлі тойдың ауылы алыс емес. Бүгіннің өзінде қызу дайындық арқа-жарқа жүріп жатыр. Қазақтың болмысынан сыр шертетін «Көкпар» ойыны да осынау мерекелік тойдың аясында ойналатын болады. Айта өтейік, 20 жылдық мерейтой құрметіне талай қызық жобалар жоспарлануда. Әзірге, көрермендеріміз үшін бұл үлкен тосынсый! Көбіне жұртшылықтың бұл телеарананы «журналистер — шеберханасы» деп атайтыны жасырын емес. Мұның маңызы тереңде жатыр. Талай қаламы қарымды тілшілерді түлеткен телеарна Оңтүстіктің айнасы болып, шындықты шырмаусыз жеткізіп, халықтың қолдауына ие болып келеді. Олай болмай ше?! Ақпаратты боямасыз жеткізіп қана қоймай, ел-жұрттың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін орындаудан жаңылмақ емес. Жаңалықтың жаршысы болған арнамыз күн сайын еңбектеген баладан, еңкейген қарияның да назарын түрлі ток-шоулар, бағдарламаларымен баулиды. Көрермен, Біз ақпаратты Сіз үшін ұсынамыз!
«Отырар» ТА-ның Әнұраны (Ержан Серікбаевтың «Жаса Қазақстан» әнімен орындалады):
Ақпараттың орталығы, жаршысы!
Төрткүл дүние – бар танымы, болмысы!
Оңтүстіктің айнасы боп бүгінде,
Жайна көгімде!
Түрлі жоба, бағдарлама, ажары,
Баурап көңіл, үлкен-кіші назарын.
Әз телеарна әлемі бұл тұңғиық,
Жарқын, шың биік.
Қайырмасы :
Жаса Отырарым, жаса менің телеарнам,
Жаса арнам, ақиқатты көре алған!
Шеберханасы бұл — тілшілердің мектебі,
Дархан пейіл, жарқын көңіл көктемі!
Көрерменнің көз айымы, сенімі,
Сарапталар сөз байыбы, төркіні.
Киелі орда — бар халықтың тілегін,
Жасап жүреді.
Қос басылым – қос қанаты, жүрегі,
Өр шаңырақ, тілшілері тірегі.
Арнайы сайт – жедел жазып ақпарды,
Жияд хаттарды.
Бұл күні «Отырар» телеарнасының ұжымы бас қосып, бірнеше сағатқа жұмыстан босап, қала орталығындағы «Тәуелсіздік» саябағында «флэшмоб» өткізді.
- «Отырар» телеарнасының 20 жылдық тойы қарсаңында шаттанып, қуанып жүрген ұжым бүгінде көпке үлгі боларлық жұмыстар атқарып жүр. Халықтың көзаймына айналған телеарна жемісі ауыз толтырып айтарлықтай!