«Отырарда» үстел теннисінен жарыс өтті

370
Телеарна қызметкерлері арасында үстел теннисіне деген қызығушылық зор екені байқалды. Уақыт тым аз болса да спартакиадаға белсене ат салысып жатты
«Жарнама» бөлімінің маманы Мария Федасюк үстел теннисі ойынымен жуырда ғана танысыпты. Маша әріптестерінің арасынан үшінші орынға ие болды

«Отырар» телеарнасының ұжымы 20 жылдық мерейтойына арнап спартакиада ұйымдастырды. Спорттың екінші түрі ретінде шығармашылық топ үстел теннисінен бақ сынады. Нәтижесінде әйелдер арасында 6 әріптесіміз өзара жеңімпаздарын анықтаса, ерлер арасында 8 үміткер қолына ракеткасын алды. Бір күнге жалғасып, отырарлықтар спортпен алдағы уақытта шұғылдануға әріптестерін шақырды.

«Бағдарламалау» бөлімінің маманы Аня Цурканова алғашқы айналымның өзінде-ақ мықты қарсыласқа тап болып, жеңіліс тапты. Алайда үнемі жүзінен күлкі кетпейтін әріптесіміз бұл жолы да көңілін түсіре қойған жоқ
«Ақпарат» қызметінің тілшісі Шынар Оразова БАҚ өкілдері арасындағы облыстық спартакиада да жүлделі бола білген. Ал бұл жолы Шынар екінші орынды қанағат етті
«Жарнама» бөлімінің менеджері Ирина Аксенова бұл жолы үздік танылды. Алғашқы ойынның өзінде-ақ Ирина топжаратыны айдан анық еді
Ал ерлер жағы болса тіпті аяқ киімін де шешіп тастап, жеңіс үшін таласқа түсті
Телеарна қызметкерлері арасында үстел теннисіне деген қызығушылық зор екені байқалды. Уақыт тым аз болса да спартакиадаға белсене ат салысып жатты
«Отырар»-дың техникасына жауапты Руслан Балабеков та бүгін епті теннисші екенін дәлелдеу үшін спартакиадаға қатысуға ниет еткен. Алайда, «Ақпарат» қызметінің редакторы Нұрлан Бектаев оның аяғын шалды

«Ақпарат» қызметінің редакторы Нұрлан Бектаевтың тіпті уақыты тым аз. Алайда, спортқа жаны жақын әріптесіміз бұл спартакиададан шет қала алмады