«»Отырар» телеарнасының, «Рабат», «Оңтүстік Рабат» басылымдарының қызметкерлері дойбыдан жарыс ұйымдастырды.
Жаңалықтар қызметінің тілшісі Шынар Оразова сьемкаға асығыс. Десек те интелектуалдар ойынында бағын сынап көруге бел буды. Әріптестерінен алғашында жеңілсе де, кейіннен жеңісті қолдан бермеді.
Ал жігіттер арасында «Отырар» телеарнасының спорт тілшісі Бахром Абдуллаев қарсыластарына қарағанда мықтылық танытты.
Ал телеарнаның жарнама бөлімінің бас маманы Галина Троцанмен әріптестері ойнауға сескеніп те қалған. Өйткені Галина қарсыластарын жеңбей қоймайды. Оның үстіне ол тілшілер арасында өткен облыстық спартакиада да бас жүлдеге ие болған еді. Бұл жолы да 12 партияның 11-нде жеңді.
Галина Троцан, жарнама бөлімінің менеджері: «Спорттың осы түрімен кәсіби тұрғыда шұғылдансам деймін. Бұл жеңістен кейін алдыма қойған жоспарым да осы».
Жандос Үсенов, жарыстың бас төрешісі: «Тездетіп ойнады. Тартысты өтті. Арна тілшілерінің арасында бірінші санаттағы дойбышылармен тең түсетін ойыншылар да бар екен».
Жастар бөлімінің тілшісі Мөлдір Бекеевамен ақпараттар қызметінің өкілі Мақпал Ибрагимова үшінші орынға таласуда. Қай әріптес жеңсе жүлделі болады. Бұл жолы жастардың бағы жанды Мөлдір үшінші орында.
Сьемкаларын кейінге сырып қойып, мақаланы ертеңге қалдырған тілшілер қауымы екі сағаттың ішінде-ақ жеңімпаздарды анықтады.
Әйелдер арасында жарнама бөлімінің менеджері Галина Троцан бірінші орыннан көрінсе, кейінгі сатыны «Оңтүстік Рабат» газетінің түзетушісі Әйгерім Бегімбет , ал үшіншіні жастар бөлімінің тілшісі Мөлдір Бекеева қанағат етті. Ерлер арасында спорт жаңалықтарының тілшісі Бахром Абдуллаев бірінші, жаңалықтар қызметінің маманы Азиз Мурзабаев екінші, ал бейнеоператор Николай Иванов алғашқы үштікті қорытындылады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-gayiIS-2xs[/youtube]