Оңтүстіктің ордасы, шырайлы Шымкенттің туған күні бүгін! Қала күнін атап өтеушілердің қатары қалың.
Қаланың ортасындағы «Әл-Фараби» алаңында мерекелік жәрмеңке өтті. Оған Шымкент қаласымен, Сарыағаш, созақ аудандарының диқандары күздік өнімдерін арзан бағада ұсынды.
«Жеңіс» саябағына жиналған шымкенттіктердің көңілі көтеріңкі. Сүйікті қаласының туған күнін тойлауға біркісідей ат салысты. Алтын күзде мерекені дәл осы саябақта атап өтушілерге арнап, Еңбекші ауданық әкімдігі арнайы концерт ұйысдастырды. Туған қала төңірігендегі әндер шырқалып, би биленіп, жырдан шашу шашылды.
Мерекелік думанды №3 балалар саз мектебінің шәкірттері өнермен өрнектеді. Келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қарасы қалың қала тұрғындарының ендігі тілегі шымшаһардың шырайлана түсуі.
Шырайлы Шымкент шаттыққа бөленді бүгін. Ақыны өлеңге, әншісі әнге қосқан шаһарымыз гүлдене бергей.