брейк данс биінен алғаш рет ауқымды фестиваль өтеді
брейк данс биінен алғаш рет ауқымды фестиваль өтеді

Бүгін бұл алаңға облыстағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, ұзын-саны 30 мыңға тарта жастар жиналмақ. Мұнда алғаш рет республикалық Брек-данс фестивалі ұйымдастырылады. Облыстың 80 жылдығына орайластыра өткізіп жатқан іс-шараға еліміздің 6 облысынан жастар жиналады.

Брек-данс биі АҚШ-та 60 жылдардың соңында пайда болды. Оны афроамерикандық диджейлер мен бишілер бастаған. Негізінен көше биі саналатын брек-данс жәй ғана ермек емес. Бұл спорттық би жастарға жігер беріп, алға қойған мақсатына жетуге, жаңа жетістіктерге ұмтылуға жетелейді.

Шымкентте Брэйк-данс биімен әуестенген екі топ бар. Енді осындай фестивальдер жиі ұйымдастырылса, салауатты өмір салтын ұстанған жастардың саны өсері анық.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ir7h9-wF_A4[/youtube]