Шымқалада алғашқы қар жауды. Таңғы сағат 6-лардан бері бораған қар сағат 9-дар шамасында толастады. Қарашаның қара суығында қалың киінуді бастаған қала тұрғындары бүгін тіпті сыртқы қалың шапандарын жамылып көшеге шықты.
Десе де күн әлі бұлттанып, қардың түс ауа борайтынынан белгі беріп тұр. «Жел соғып, ауа райы бізге қолайсыздық туғызып отыр» деген тұрғындар қыстың қаһары келе жатқанынан осылайша хабардар болды.