Қажымұхан атындағы орталық стадионда қазақстандық жұлдыздар, еліміздің би ұжымдары өнер көрсетуде. Бұл өңірдің 80 жылдығына орай өткізіліп отырған республикалық брейк-данс фестивалі. Оған еліміздің әр аймағынан 8 команда қатысты. Қонақ ретінде Өзбекстандық ди джей Пилигрим және Қазақстандық «Метисс» тобы келіп, көрермендерге өнерін тарту етті.
Сахнада өрнекті өнерін көрсеткен қатысушылардың алғашқы тобы «Импульс» командасы болатын.
Тұғыры биік Тәуелсіз еліміздің мәртебесі әрқашан биіктей берсін, даңқы арта түссін. Еліміздің тыныш, тәуелсіздігіміз баянды, Оңтүстіктің 80 жылдығы құтты болғай!
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=t9AAeQj0ihk&feature=plcp[/youtube]