Шымкентте мектеп ауласындағы үйлер қиратылып жатыр

176
Мектеп ауласындағы үйлер қиратылды

Шымкентте мектеп ауласына салынып кеткен үйлер қиратылып жатыр. №48 мектепке тиесілі жер теліміне бір емес 5 баспана салынып кеткен. Әзірге олардың төртеуі тас талқан етілді. Тағы бірін бұзу жөнінде бүгін сот шешімі шықты. БІрақ үй тұрғындары баспанасын бұздыруға қарсылық білдіріп жатыр.

Мектеп ауласындағы үйлер қиратылды

Төрт баланың анасы Газиля Саманқұлова 7 жыл бұрын асарлатып жүріп әрең дегенде баспана тұрғызған. Енді сол үйінен айырылғысы келмейді. Бірақ соттың шешіміне сәйкес баспана жермен жексен болуы тиіс. Өйткені бұл маңға №48 мектептің асханасы, спорт және акт залы салынады. Арада көп жыл өтсе де үй иелері құжатарын заңдастырмаған.

Жергілікті басшылар жер мәселесін шешеміз деп жүргенде мердігерлер жарты жылды жоғалтып , құрылыс жүргізу барысында да жердің тарлығы бірқатар қиындықтарды тудырған соған қарамастын міндетемені мезгілінде орындаймыз дейді. Тек әуел баста 300 орынға деп есептелген білім ошағы енді 600 орындық болып өзгертіліпті.

Әзірге 1954 жылы салынған және 2004 жылы қосымша құрылыс жасалған №48 мектептің ескі ғимаратында мыңға тарта бала білім алуда мектеп 500 орынға шақталған. Жаңа мектеп қолданысқа берілісімен ескі ғимарат бұзылып, онда спорт алаңы салынбақ. Ол да жер телімінің жоқтығынан амалсыз жасалатын шаралардың бірі.

Міне, қала халқының саны өсіп әлеуметтік нысандардың қажеттілігі көбейген сайын жер тапшылығы жиірек байқалады. Бұрын берілген жерлерді мемілекет қажетілігі үшін амалсыз қайтаруға тура келеді. Ал Газиля Сманкулова секілді аналар әупірімдеп тұрғызған баспанасынан айрылғысы жоқ. Ешқандай соттың шешіміне келіспеймін деп көз жасын төгіп тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iOSUTqcuvvo[/youtube]