Бүгін Оңтүстіктің торқалы тойы басталды. Дәл қазір Шымкент қаласындағы Мұз сарайында ине шаншар орын жоқ. Үкімет басшысы Серік Ахметов бастаған топ мерекелік шараның шымылдығын түріп берді. Жиынға облысымыздың әр аудан, қаласынан делегациялар арнайы қатысуда. Олардың ішінде республиканың түкпір-түкпірінен келген мәртебелі қонақтар да бар.
Салтанатты жиынды белгілі Мәдина Сәдуақасова мен әртіс Ғани Құлжанов жүргізуде. Қазір өңріміздің 80 жылдық тарихында жеткен жетістігі мен атқарылған игі істері жайында арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілуде.