Шымкент қаласындағы саз және өнер мектептері қараусыз қалған. Бұл жайында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясында қалалық мәслихаттың депутатары мәлімдеді. Шымкент қаласындағы үш саз, бір өнер мектепттерінің ғимараттары әбден тозған осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген. Мысалы, №1 саз мектебінің ғимаратына бір ғасыр болыпты.
«Жауын-шашында шатырынан су сорғалап тұрады»,- дейді халық қалаулылары. Шым шахарымызды Республикамыздағы үшінші қала қатарына қосуға әрекетеніп жатқанда бір жаңа саз және өнер мектебін салу қажет деген үсыныс тасталды сессияда. Депутаттардың көтерген мәселесін қала әкімі де қолдады.
Қалық қалаулыларын қобалжытып отырған мәселе соңғы жылдары опера және балет театрын филармонияны жаңартып, тіптім Шәмші атындағы аллея да салдық. Тек сол мәдени ошақтарда өнер көрсететіндердің жағдайы ұмыт қалды дейді .