Базар сыртынан базар ашқан полицейлер. Қала әкімі қала көшелеріндегі ретсіз сауда полиция қызыметкерлері үшін тиімді, сол себепті оныменен әкімдік пен өзге құзырлы мекемелер күресіп жеңе алмайды деді. Көше тәртібін бұзғандарға әкімшілік шара көре алмаймыз деген полицейлердің көлгірсуі бекер. Шекілдеуік шаққандар мен темекі шеккендерге шара көруге құзырлы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда сауда жасағандарды да тәртіпке шақыруы тиіс деген тұжырыммен айтты.
Дегенмен өз аттарына айтылған сынға келіспейтін сыңай танытқандар да болды шенділердің арасында. Жыл басынан бері ретсіз саудамен күресіп жеңе алмаған қала, аудан әкімдіктерінің мамандарына құзырлы мекемелердің қолұштары қажет. Әр мекеме өз құзіретіндегі баптарды дұрыс пайдаланса жабайы сауда тиылары сөзсіз. Бұған базар иелері де ат салысулары тиіс олай болмағанда маңайына ретсіз сауда шоғырланған Базар АҚ мен көлік базарын жабуға бар күшімді саламын деген қала әкімі ашық әңгімесін айтты.
Қорыта айтқанда қаладағы ретсіз саудамен бүгінен бастап күрес күшейеді. Және оның жойылуына ең бірінші кезекте полицейлер ат салысатын болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=b1CLN1CWgSw[/youtube]