жол апатынан

 

жол апатынан

Бүгін Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды. 125-ші бағыттағы Газел көлігімен Хьюндай шағын автобусы соқтығысып қалды. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды.

Соққының қатты болғаны сонша Хьюндайдың тас талқаны шыққан. Ал газел көлігінің жүргізушісі есеңгіреп не істеп, не қойғанын білмей жылап жүр. Жол апаты Сайрам ауданына қарасты Жаңаталап елді мекенінде болған.

Газел енді ғана бағытқа шықса керек, ішінде жолаушылар болмаған. Алдын ала болжам бойынша Хьюндайдың жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін. Сөйтіп рөлде отырған күйі мерт болды. Құтқарушылар оның денесін көліктің есігін кесіп әрең дегенде шығарып алды.

Мүрдені шығарып алған соң өрт сөндірушілердің де көмегі қажет болған. Өйткені көліктерге өрт қаупі төнді. Қазір апаттың себеп селдері анықталып жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mf7PeQKT4io[/youtube]